Қызылорда облысында диқандар егін шаруашылығына жаңа технологияларды кеңінен пайдалануға бет бұрып келеді. Бүгінде күрішшілер лазерлік тегістеуді меңгеріп, агродрондармен тыңайтқыш себуге көшті. Ал бау-бақшалық алқаптардың көбі тамшылатып суарумен өсіріліп жатыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қызылорда облысы үшін күріш дақылының маңызы зор. Жердің тұзданып, сор басып кетуінен қорғайтын өсімдік бір жағы экологияны оңалтуға септігі мол. Биыл облыста 85 мың гектар жерге күріш егілсе соның 60 мың гектары міне, осындай лазерлік технологиямен алқаптар біркелкі тегістеліп жатыр.
Серікбай Нысанбаев, механизатор:
Бұрын Кеңес Үкіметінің кезінде жердің тегістігі әртүрі болды. Ал қазір лазерлік тегістеумен айырмашылығы. атыздың ішінің деңгейі ары кетсе 5 см болады. Соның есебінен күріш өнімі әлдеқайда жоғары болады.
Ермек Мұратов, жұмысшы:
Шиелі ауданына биылдан бастап келіп жатыр. Агродронның бір жақсы жері алаңды аламыз да сызып, маршрутын қойып береміз. Сонымен өзі барып керекті дәрісін сейіп кетеді. Дәрісі таусылған жағдайда қайтып келеді. Қайтадан 40-50 литр мөлшерлемесін құйып береміз. Соны қайтадан сеуіп, пайдаланып жатырмыз.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Егісті әртараптандыру бағытында шаруашылықта ауқымды тірлік бар. Соңғы 3-4 жылдың көлемінде шаруалар күріштен бөлек бау-бақша көкніс өсіруді кеңінен қолға алған. Мәселен, мына жайқалған қызанақ алқабы тамшылатып суару әдісімен өсірілген.
Мақсат Ташматов, шаруашылық төрағасы:
Су тапшылығына байланысты біздің елге келгелі бірінші болып пайдаланған жайымыз бар. Бұрынғыдай қарықтап суарғаннан әлдеқайда оңай. Анау басында матор тұр. Сол матор арқылы су айдайды. Егін егетін кісілердің барлығы осыған көшкен. Жылда бір алқап 60-70 гектар көкөніске жер беріледі.
Әділбек Серікұлы