Current Date: 11-09-2025

Жаңа iPhone 17 шықты: қазақстандықтар қашан сатып ала алады?

Apple жаңа смартфондарын таныстырды: iPhone 17, iPhone 17 Pro, Pro Max және iPhone Air. Сондай-ақ, AirPods Pro 3 және жаңа Apple Watch шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Apple сайтында баға қандай?

Apple сайтында ресми бағалар жарияланды:

  • iPhone Air 999 доллардан басталады (шамамен 534 мың теңге). Алдын ала тапсырыс жұма күні ашылады, ал сатылым 19 қыркүйекте басталады.
  • iPhone 17 799 доллардан басталады (шамамен 481 мың теңге).
  • iPhone 17 Pro 1099 доллардан басталады (шамамен 593 мың теңге).
  • iPhone 17 Pro Max 1199 доллардан басталады (шамамен 647 мың теңге).
  • AirPods Pro 3 249 доллардан басталады (135 мың теңге).
  • Apple Watch Series 11 399 доллардан басталады (215 мың теңге).
  • Apple Watch Ultra 3 799 доллардан басталады (430 мың теңге).

Сатылым 26 қыркүйекте басталады

Қазақстандағы ірі электроника желілері iPhone 17 сатылымы қашан басталатынын жариялады. Мәліметке сүйенсек, 26 қыркүйектен бастап қазақстандықтар жаңа гаджеттерді сатып ала алады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget