Current Date: 18-04-2026

Көрші елдің халқы көбейіп келеді


Мұндай деректер мемлекеттің Ұлттық статистика комитетінің материалдарында кездеседі.


Іргедегі қырғыз ағайынның саны 7,4 миллионға жақындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасының тұрақты халқының саны 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 103,4 мың адамға, яғни 1,4 пайызға артқан және 2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 7 млн 385 мың адам болған.

Мемлекеттік "Қызмат" мекемесінің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдарында 117,3 мың жаңа туған сәби тіркеліп отыр, бұл 1 000 тұрғынға шаққанда – 19,2.(2024 жылдың қаңтар-қазан айларында – 20,1).

Сондай-ақ, 27 мың адам қайтыс болған, бұл 1 000 тұрғынға шаққанда 4,4-ті құрап отыр. 2024 жылы бұл 4,5 болған еді.

Нәтижесінде, халықтың табиғи өсімі 90,3 мың адам немесе 1 000 тұрғынға шаққанда 14,8 болған. (2024 жылы – 15,6).

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында халықтың табиғи өсімінің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош, сонымен қатар Жалал-Абад облыстарында байқалды. Тиісінше, ең төмен көрсеткіш Бішкек қаласында тіркелген.