Күн райының қолайсыздығынан 8 өңірдегі 10 республикалық маңызы бар автожол жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды 24kz.
Атап айтқанда, Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Ұлытау және Түркістан облысындағы бағыт тазартылып жатыр. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 326 арнайы техника мен 545 маман жұмылдырылды.