Current Date: 18-04-2026

"Жаңбыр және қар": 31 желтоқсанда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Астана, Алматы мен Шымкенте 31 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градус болады. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.

Астанада қар жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы -1 градус, түнде -8 градус болады. Желдің жылдамдығы – 6,1 м/с болады.

Шымкентте бүгін қар аралас жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағаны 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,4 м/с деңгейінде болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз