«Ақ жол» демократиялық партиясының бастамасымен Алматыда экологиялық акция өтті.
Партия мүшелері еріктілермен бірге «Достық» саябағының аумағын қоқыстан тазалады. Шамамен бір тоннадан астам қалдық шығарылды. Партия төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, тазалық – әділетті әрі дені сау қоғамның негізгі шарттарының бірі. Сондықтан алдағы уақытта «ақжолдықтар» мұндай экологиялық шараны елдің өзге өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.
Азат Перуашев, «Ақ жол» ДП төрағасы:
- Заттардың, көшелердің, үйіміздің тазалығын сақтауымыз керек. Сонымен қатар өмірімізді де сақтауымыз қажет деп білемін. Осындай бір көрсеткішті Шәмші атамыздың атындағы саябақта көрсетіп отырмыз.