Current Date: 04-05-2025

Сананы жаңғырту тарихтан басталады

Төртінші құрылтайда Президент ономастика мәселесін жүйелеуді тапсырды.

Елдімекендер мен көшелерге тұлғалардың есімін қайталап қоя бермей, тарихи жер-су атауларына мән беруді ұсынды. Географиялық атауларды қайта жаңғыртып, ұлттық болмысты айқындайтын ерекше жерлерді ескеру қажеттігін айтты. Халықтың тарихи жадын оятып, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселені ғылыми және қоғамдық негізде шешу қажет. Ономастика саласындағы кез келген өзгеріс әлеуметтік келісім мен тарихи әділдікті сақтай отырып жүргізілуі тиіс,-деді. Құрылтайда елдік мүдде жолында талқыға салынған осы тақырып төңірегінде көптің пікірі қандай? Тілшіміз біліп көрді.

Исмайл Асқар, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Жер аттары, су аттары , қала, көше аттарын жаңалау, ауыстыру жөнінде советтік өкіметінен қалған ескі сарыншақ аттар, есімдер әлі де жүр. Оларды бұрынғы біздің ата-бабамыздан қалған әдемі жер аттары, су аттары, көл аттарын беру, осы жобаларды іске асыру керек. Жер, су аттарын қайта жаңғырту, қалпына келтіру дұрыс деп есептеймін.

Тамара Иманберді, еңбек пәнінің мұғалімі:

- Әр жердің өзінің тарихи атаулары бар. Оны көне қариялардан сұрап жатса, осындай ма еді, қандай еді деп, Соны қайтарып, жаңғыртсақ деп ойлаймын. Кешегі құрылтайда мәселе көтерілді. Соны жастар қолға алып, еңбегі сіңбеген адамдардың атауларын алып тастап, еленбей қалғалған бізде батырлар бар, жазушылар бар, ағартушылар бар, солардың аттары қойлып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Өтеу Уәлиханов, Темірлан ауылының тұрғыны:

- Кейбір ауылдар орысша атаумен қалып кеткен ғой. Соларды қазақшаға айналдырса, еңбегі сіңген, халыққа қызмет еткен, ашаршылықта қанша адам қырылып кетті. Солардың ішінде тұлғалар бар үлкен. Солардың аттары мен қойса, елдің атауларын. Жұдырықтай жұмылып, осындай жақсылыққа, жақсы іске бастай берсін дейміз.