Фото: Акорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен королева Матильдамен келіссөз жүргізді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы Бельгияның Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарында екенін және ел экономикасына салынған ірі инвесторлардың алғашқы ондығына кіретінін атап өтті.
Тараптар логистика, аса маңызды минералдар, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.
Өз кезегінде король Филипп Қазақстанның дамуын және бельгиялық тараптың жасанды интеллект, энергетика және атом саласына қызығушылығын атап өтті.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Алмас Жарасхан



