Афинада (Грекия) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды:
- Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
- Күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) еншіледі.
- Шамиль Досбол (65 келіге дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
- Қыздар арасында Мадхия Усманова (57 келіге дейін) алтын медаль иеленді.
- Інжу Баққожа (40 келіге дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.
- Еркін күрес шеберлері, яғни Данаель Абдықасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!