Current Date: 11-09-2025

Қарауылдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Қарауылдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Аудан орталығында өткен шараға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым, шығармашылық сала өкілдері және өңір тұрғындары қатысты. Бұл рәсім облыстың барлық қала мен аудандарында бір мезетте ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жидебайда Абай Құнанбайұлының рухына құран бағышталып, түйе малы құрбандыққа шалынды.

Зифа Әуезова, Мұхтар Әуезовтің немересі:

- Мен осы мерейтойға арнайы Голландиядан келіп тұрмын. Себебі ұлы Абайдың 180 жылдығы Әуезовтер әулеті үшін Абаймен байланысты шаралар өте маңызды. Әр жаңа кітап, әр жаңа аударма бізде үшін үлкен қуаныш.