Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан 7 адам зардап шекті

Оқиға бойынша сотқы дейінгі тергеу басталды. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Астана-Петропавл автожолында Honda мен Chevrolet Niva автокөліктері соқтығысып қалды. Оқыс оқиға салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 14 желтоқсанда тасжолдың 292-ші шақырымында болды.

“Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі жүргізуші, Chevrolet Niva автокөлігінің екі кәмелетке толмаған жолаушысы, сондай-ақ Honda автокөлігінің үш жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді”, – деп хабарлады полиция.