Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

АҚШ-та жеке ұшақ қонар кезде апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Солтүстік Каролина штатындағы Стейтсвилл қаласының әуежайына қонар кезінде қосмоторлы Cessna C550 бизнес-джеті апатқа ұшырады, деп хабарлайды NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:20 шамасында болған. Билік ұшақта қанша адам болғанын хабарлаған жоқ.

Округ шерифі Грант Кэмпбелл ұшақ апатынан қаза тапқандар бар екенін растады.

Федералды авиация әкімшілігінің өкілдері (FAA) және Көлік қауіпсіздігі бойынша ұлттық кеңес тергеу жүргізуде.

Х желісіндегі TheNewsTrending аккаунты бортта автожарыс қатысушысы Грег Биффл мен оның отбасы болғанын хабарлады.

Tragic plane crash in Statesville, North Carolina claims NASCAR legend Greg Biffle, his wife Cristina, daughter Emma, and son Ryder.

No survivors reported after his private jet went down shortly after takeoff. pic.twitter.com/1kc9bW0899

— Breaking News (@TheNewsTrending) December 18, 2025

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз