Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Елімізде “Мейірімді Қазақстан” әлеуметтік акциясы басталды

Игі бастама елдің барлық өңірін қамтиды.

Қазақстанда “Мейірімді Қазақстан” атты әлеуметтік акция өз жұмысын бастады. Бастама қоғамда өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге кеңінен тартуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде жастар ұйымдары мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық және волонтёрлік іс-шаралар өтеді.

Он күнге жоспарланған акция барысында жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, донорлық акциялар ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек беру, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдауға бағытталған бастамалар жүзеге асырылады.

“Мейірімді Қазақстан” акциясының ашылуы Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығы алаңында өтті.