Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтөбеде автокөлігіне екі мемлекеттік нөмірді ауыстырып тағып жүрген тұрғын ұсталды

Ақтөбеде Infiniti автокөлігінің иесі айыппұл төлемеу мақсатында мемлекеттік нөмірлерді ауыстырып отырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеуде тұрған Infiniti автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан көршілес мемлекетке тиесілі тағы бір мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды.

Камера жазбаларын тексеру барысында екі түрлі нөмірмен жол қозғалысы ережесін бұзудың 26 дерегі тіркелгені анықталған. Айыппұл сомасы 700 мың теңгеден асты. Сонымен қатар деректер базасы бойынша жүргізілген тексеру кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген тағы бір Infiniti автокөлігінің бар екені анықталды.

Аталған екі автокөліктің VIN-кодтары бірдей болып шыққан, яғни олар егіз-көлік ретінде тіркелген. Екі автокөлік те полиция бөлімінің аумағына қойылып, барлық мән-жайды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша толық тексеру жүргізілуде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз