Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

2025 жылдың соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер желтоқсанның соңғы күндеріне арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша жылдың соңғы күндері жауын-шашын түсіп, күн жылынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ “Қазгидрометке” сілтеме жасап.

Метеорологиялық қызмет мамандарының болжауынша, суық антициклон оңтүстік жылы циклонмен алмасады. Соның әсерінен қар жауып, боран соғуы мүмкін. 30-31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде. Ал Қазақстанның оңтүстігінде негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар республика көлемінде көктайғақ, тұман және екпінді жел күтілуде.

30 желтоқсанда елдің солтүстігінде, орталығында және 30-31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы 2 градус аяздан +3 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 30-31 желтоқсанда ауа температурасы 5-15 градусқа дейін жылы болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз