Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

– “Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз” автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

– Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

– “Петропавл қаласының айналма жолы” автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды.