13-20 маусым аралағында Будапештте ( Венгрия ) дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлем біріншілігінде 92 елден 566 спортшы 14 салмақта жүлде үшін бақ сынайды.
Қазақстанның құрамы мынадай:
Ерлер:
– 60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов
– 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев
– 73 келі: Есет Қуанов
– 81 келі: Абылайхан Жұбаназар
– 90 келі: Мейірлан Максим
– 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
– 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
– 48 келі: Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева
– 63 келі: Эсмигүл Куюлова
Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыс ұйымдастырылады.
