Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

«Түсінбедім»: Вице-министр қазақ тіліндегі сұрақты түсінбей, сасып қалды (ВИДЕО)

«Түсінбедім»: Вице-министр қазақ тіліндегі сұрақты түсінбей, сасып қалды (ВИДЕО)

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов сенат отырысында қазақ тілінде қойылған сұрақтарды екі рет түсінбей қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сенат отырысында депутаттар «Аумақтық қорғаныс туралы» заң жобасын мақұлдар алдында талқылаған. Құжатқа жауапты қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдиновке талқы барысында сенаторлар бірнеше рет сұрақ қойған, алайда Камалетдинов олардың кейбірін бірден түсінбей қалды.