Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматылық фотограф Асы жайлауының көзтартарлық суреттерін жариялады

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Асы жайлауындағы керемет көріністермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл таңғажайып суреттерді 10 маусым күні өз парақшасына жүктеді. Суреттерде жаңа жайқалып келе жатқан шөптер, түрлі-түсті гүлдер, киіз үйлерін тіккен шопандар және бұлт арасынан түсіп тұрған әлсін күн сәулесі бейнеленген.

“Асы жайлауында жаз осылай басталады. Жаңа шыққан шөптер, гүлді кілемдер, шопандар ендігі киіз үйлерін тігіп те үлгерген. Ал бұлт арасынан түскен жарық айналаға ерекше көрініс сыйлайды. Әсем де жылы көрінетін пейзаждар”, – деп жазды Доценко өз жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)

Оның өнеріне тағы бір мәрте тәнті болған жанкүйерлері фотографқа ерекше алғыстарын білдірді.

  • Қандай әдемі! Қаланың шуынсыз, нағыз ауамен тыныстаған жерде болу өте қиын
  • Керемет Қазақстан.
  • Ғажап
  • Сөз жоқ, тамаша!
  • Таңқаларлық!
  • Қандай әдемі табиғат!
  • Мұндай көріністі көзбен көрудің өзі бір ғанибет қой!
  • Көңілге жылылық ұялатар суреттер екен!

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында өзеннен өтпек болған 300 шақты киікті ағыс алып кеткендігі хабарланған болатын.