Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Дүрбелеңге салынбауды сұраймыз”: елшілік Қазақстанның Қатар елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

Еліміздің Қатардағы елшілігі сол елдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды елшіліктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елшілік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз.

“Дүрбелеңге салынбауды, қауіпсіз жерде қалуларыңызды және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.

Қатарда қалып қойған қазақстандық туристерге қатысты, мәлім болғандай, қазіргі уақытта Қатардың әуе кеңістігі толығымен жабық.

Әуе қозғалысы қалпына келген бойда қазақстандық туроператорларға жаңа ұшу күндері туралы хабарланады. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Елшілік жағдайды жіті қадағалап отыр және қажет болған жағдайда екі елдің жауапты органдарымен келісе отырып, қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды.

Жағдай тұрақталғанша қауіпсіз жерде қалуларыңызды өтінеміз”, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезіндегі елшіліктің байланыс нөмірлері:

  • +974 4411 0527;
  • +974 4412 8015;
  • +974 5064 9955.