Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Президент бірқатар әйел қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығыменмемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында:

  • 4 еңбек ардагері;
  • 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
  • 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
  • 6 кәсіпорын басшысы;
  • 3 қоғамдық ұйым өкілі;
  • 7 мемлекеттік қызметкер;
  • 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.