Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Астана көшелерінің бірі бес күнге жабылады

Астана көшелерінің бірі бес күнге жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің Ж.Тәшенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін аралығында жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 29 маусым мен 4 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Астанадағы Амман көшесі. Фото: elordainfo.kz

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.