Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды

Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды

Перизат Қайрат пен оның анасы сот тергеуін БАҚ-ты қатыстырмай өткізу туралы өтініш жасады. Сот шешімін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов шешімді жария етті.

“Перизат Қайраттың алдын ала тыңдаудағы өтініші қаралды (…) Сот сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Сот отырысы 2025 жылы 14 шілдеде сағат 10:00-ге белгіленді”, – деді судья.

Еске салайық, 9 шілдеде таңертең Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Оған азаматтар мен ұйымдардан жиналған 3 миллиард теңгеден аса қаржыны жымқырды деген айып тағылған. Айыпталушылар сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, сот отырысын фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

Маусымның аяғында Бас прокуратура Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыстық істі Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget