Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Бүгін педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды. Оған қатысу құны қанша

Өтініштер 15 шілдеге дейін ғана қабылданады .

2025 жылғы 11-14 шілде аралығында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Үміткерлер өтінішті ҰТО ресми сайтында бере алады. Ал педагогтердің білімін бағалау емтиханы 15-19 шілде аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:

  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
  • педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
  • жұмыс істейтін педагогтер екінші мүмкіндігі үшін (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг).

Педагогтерді жаңаша аттестаттау тәртібін Информбюроның арнайы түсіндірме материалынан оқи аласыздар.


Оқи отырыңыз:

  • Магистратураға құжат өткізгендердің жартысына жуығы педагогикалық ғылымдарды таңдады
  • Жеңімпаздар 3,9 млн теңге алады. “Үздік педагог” байқауына қатысу шарттарын түсіндіреміз