Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

2,5 сағатта жетуге болады: Астанадан Бурабайға жаңа электрпойыз қатынай бастады

2,5 сағатта жетуге болады: Астанадан Бурабайға жаңа электрпойыз қатынай бастады

Астана – Бурабай бағыты бойынша Burabay Express жаңа электрпойызы қатынай бастады, деп хабарлайды “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа электрпойызбен елордадан Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының біріне дейін небәрі 2,5 сағатта жетуге болады.

Burabay Express аптасына бес рет жүреді. Бұл бағдарға билеттерді жолаушылар пойыз жөнелтілетін уақытқа дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Жол жүру құны: бірінші класты вагонда 5 805 теңге, екінші класты вагонда 3 586 теңге және үшінші класты вагонда 2 962 теңге.

Астанадан электрпойыз таңертең сағат 11:00-де жөнелтіледі және Бурабайға сағат 13:35-те келеді, ал Бурабай курортынан осы күні сағат 14:15-те шығып, елордаға сағат 17:00-де келеді.

Пойызға елорданың екі вокзалынан да отыруға болады.

Burabay Express жаңа электрпойызы. Фото: “Жолаушылар тасымалы” АҚ

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз