Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізілуде , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Болжам бойынша 12 шілде күні таңертең Н.Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайы бойынша ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
