Қазақ әншісі Алмагүл Батталиева “Славян базары” байқауының Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомтство мәліметінше, 2025 жылдың 10-13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында “Витебсктегі Славян базары” XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өткен.
Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі Алмагүл Батталиева қатысқан.
Финалда қазақ әншісі “Вечность” композициясын орындап, көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған. Алмагүл Батталиева екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-приін иеленген.
Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен.
Алмагүл “Жас Қанат – 2023” фестивалі, “Алматым жүрегімде” халықаралық байқауы сынды беделді музыкалық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген. Сонымен қатар ол бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.
“Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны “Славян базары” фестиваліндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістік – оның өнер жолындағы ізденісі мен дарынының айқын көрінісі”, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алмагүл Батталиева (@almushonok)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алмагүл Батталиева (@almushonok)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
