Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Перизат Қайрат ісі: Сот отырысында Ғайни Алашбаеваның жағдайы күрт нашарлады

Ол өзін жайсыз сезініп , қан қысымы көтерілгенін айтқан.

Сол себепті судья сот процесіне үзіліс жариялау туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сотта айыпталушының анасы – Ғайни Алашбаеваның жағдайы күрт нашарлап, денсаулығы сыр берген.

Осыған байланысты судья сот отырысына үзіліс жариялады.

– Қазір жедел жәрдем қызметкерлері сізге медициналық көмек көрсетеді, – деді судья.

Айта кетейік, сотта ірі көлемдегі қайырымдылық қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот отырысында бірнеше жәбірленуші жауап берді. Бұл – су тасқынынан зардап шеккендерге ел тұрғындары қаражат аударған үшінші эпизод.

Осыған дейін Перизат Қайрат пен анасының 3,5 млрд теңгені қайда жұмсағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қылмыстық істе 50-ге жуық жәбірленуші бар екені белгілі болды.