Жарты жылда қорғаныс келісімшарттары қайта қаралды.
АҚШ Әскери-әуе күштері DOGE көмегімен 10 миллиард доллар үнемдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report басылымына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пит Хегсеттің сөзінше, елдің Әскери-әуе күштері DOGE мамандарының көмегімен мақсатсыз шығындарды 10 млрд долларға қысқартты.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде айтты.
“Министр Трой Мейнк пен DOGE тобы бірлесіп, 10 миллиард доллар үнемдегенін қуана хабарлаймын”, – деді Пит Хегсет.
Соңғы алты айда 50 жоба мен 500-ден астам қорғаныс келісімшарты қайта қаралған.
Бұған дейін DOGE қызметін Илон Маск қадағалады. Мамыр айының соңында миллиардер мемлекеттік қызметтен кететінін айтты. Кейін Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында түсініспеушілік пайда болды. Илон Маск Трамптың экономикалық саясатын сынға алды.
