Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында жаға ұстатар жағдай орын алды.
32 жасар Айзат Жұманованы күйеуі 2 жасар қызының көзінше қатыгездікпен өлтірген.
Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“32 жастағы Айзат Жуманованы, туыстарының айтуынша, күйеуі Айбар Жанболат екі жасар қызының көз алдында аяусыз өлтірген.
Жақындарының сөзіне сенсек, алдымен жанжал шыққан. Кейін – бірнеше сағатқа созылған адам сенгісіз зорлық. Айзат аса қатыгездікпен соққыға жығылған.
Медициналық қорытынды азаптау әдістерінің тізіміндей:
үш бірдей бас-ми жарақаты,
мидың ісінуі мен көгеруі,
бас сүйек негізінің сынуы,
қол-аяқ және жамбас сүйектерінің көптеген сынуы,
дененің дөрекі, кедір-бұдыр бетпен сүйретілгенінің іздері анықталған.
Айзаттың туыстары оны арқанмен қолынан аттың ер-тоқымына байлап, далада сүйреген деп есептейді.
— «Бұл — баяғыдағы жазалау салттарын еске салады. Оны байлап, сүйрей берген… Ақыры тек сүйектері үгітілген мүсін ғана қалды…», — дейді марқұмның анасы Салтанат Жуманова көз жасын тия алмай.
Айзаттың күйеуі – мал шаруашылығымен айналысатын фермер. Жылқысы көп.
Алған жарақаттарының сипаты – тізе терісінің сыдырылуы, саусақтардың шығып кетуі мен сынуы, байламдардың үзілуі, терісі қанға дейін тырналып кеткен дене бөліктері – мұның жай ғана соққы емес, нағыз азаптау болғанын айғақтайды.
Әсіресе, білек тұсындағы жарақаттар ерекше назар аудартады.
Марқұмды жерлеу алдында шомылдырып, арулап шығарған Айзаттың әпкелері оның білек терісі мүлде жоқ болғанын айтады.
— «Қолының терісі етке дейін сыпырылып түсіп қалған…», — дейді олар”, — деп жазды журналист.
