Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

19 шілде күні eGov және басқа да онлайн мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді

“Ұлттық ақпараттық технологиялар ” АҚ жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жұмыстар компанияның сүйемелдеуіндегі жобалардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 19 шілде күні сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін жоспарланған.

Уақыт аралығы пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалған. Осылайша, мүмкін болатын қолайсыздықтарды азайту көзделіп отыр.

Аталған кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде “Цифрлық құжаттар” сервисі);
  • e-Otinish, E-license порталдары мен Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
  • “ҰАТ” АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және электрондық үкімет шлюзі арқылы біріктірілген өзге де мемлекеттік қызметтер.

– Ыңғайсыздықтардың алдын алу үшін қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, техникалық жұмыс уақытына құжаттардың қағаз нұсқасын дайындап қою ұсынылады, – делінген ресми хабарламада.