Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде төрт адам травматикалық қарудан жараланды. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілдеде сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылында оқ жарақатын алған төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, — деді Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
