Астана полициясы Дженнифер Лопестің концертінде түсірілген видеоға пікір білдірді. Кадрда күзетшілер әйелді орынсыз мінез-құлқы үшін залдан шығарып жатқаны көрінеді. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, тәртіп бұзған әйел Павлодар облысы Полиция департаменті басшысы орынбасарларының бірінің жұбайы болуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)
Астана Полиция департаменті болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ал тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
“Бұл адам, шынымен де, полиция қызметкерлерінің біріне тұрмысқа шыққан. Бұл жайт оның іс-әрекетін құқықтық жағынан бағалауға ешқандай әсер етпейді”, — деді ведомство өкілі.
Еске салайық, 1 тамызда елордадағы Астана Арена стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Up All Night атты әлемдік туры аясында өнер көрсетті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!



