Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полиция соққыға жығылды

Алматыдағы “Театралка” маңында екі топтың жігіттері сөзге келіп, төбелесіп қалды.

Жігіттердің жаға ұстасқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп жазады inbusiness.kz сайты “Жетінші арнаға” сілтеме жасап.

“Театралкаға” келген қонақтар арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жаға ұстасқан жігіттерді ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған.

“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметі.