Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

Тағы бір тасжол ақылы болмақ

Тағы бір тасжол ақылы болмақ

Көлік министрлігі мәліметінше, республикалық маңызы бар Ақтау — Бейнеу тасжолы ақылы болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің бұйрығына сәйкес 17 тамыздан бастап Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сай Өтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау тасжолына жататын Ақтау — Жетібай — Шетпе — Бейнеу бағыты бойынша республикалық маңызы бар 786-дан 513-шақырымға дейінгі тасжол учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Жолдың ақылы учаскесі басталатын жер — 786-шақырым, ал соңы — 513-шақырым және 850-метр.

Жолдың ақылы учаскесінің ұзындығы 272,15 шақырымға жетеді, бұл учаске ақылы негізде 20 жыл пайдаланылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget