Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Талғар ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыптының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Іске байланысты тәжірибелі мамандары бар арнайы жедел-тергеу тобы құрылды”, – деп хабарлады департаменттен.
Күдікті туралы мәлімет пен оның суреті әлеуметтік желілерде жарияланды.
