Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

“Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.

Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды”, — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз