Атырау облысындағы тергеу изоляторында қылмыстық қателікке әкелген күлкілі жағдай орын алды.
Бостандыққа жазасын өтеу мерзімі аяқталған адам емес, басқа бір адам босап шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздерге қарағанда, бұл фамилиялары ұқсас болғандықтан, шатасқан. Құжаттарды рәсімдеу кезінде басқа адамның деректері болған. Құжаттарға изолятордың бірнеше басшысы қол қойып, содан кейін “бақытты жан” изолятордан шығып кеткен.
Бостандық ұзаққа созылмады: қызметкерлер қателікті анықтаған соң, ер адам изоляторға қайтарылды.
– Изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК келді, – деді дереккөз.
ҚАЖД аталған жағдай қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
