Риддерде үйде жалғыз қалып, ойнап жүрген екі қыздың бірі автоматты кір жуғыш машина ішіне кіріп , одан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанындағы 11 құрбысы абдырамай, төтеншеліктерге хабарласқан.
ТЖМ екі қыздың да жасы 11-де екенін нақтылап, осындай қиын жағдайда бірден өздеріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырғаны үшін рақмет айтты.
“Құтқарушы көмекке келіп, баланың қысылған аяғын ақырын шығарып алды”, делінген хабарламада.
ТЖМ ата-аналарға сақ болуды және балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді және төтенше жағдайда балаларды 112 нөміріне қоңырау шалуға үйрету керек екенін еске салады.
