Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы 17 тамызда Zakon.kz сайтына Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жеке меншікке тиесілі UP-LA-229 маркалы аса жеңіл ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
“Екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді”, — деп хабарлады департамент.
