Көшедегі сауалнама кезінде кішкентай орыс қызы қарапайым, бірақ шынайы жауабымен барлығын таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сенің арманын қандай?» деген сұраққа ол: «Қазақ тілін 100% үйрену» деп жауап берді.
Белгілі болғандай, ол қазірдің өзінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Тіпті бейнежазбада қазақша ән де орындады.
Желі қолданушылары қыздың зеректігі мен ақылдылығына тәнті болды.
“Тіл көзде сақтасын Үлкен Азаматша бол!”, “Ата-анасы дұрыс тәрбие берген”, “Түрден сол тәтті сары аман бол”, — деп жазуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Независимая редакция (@salemalem.media)

