Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті өз резиденциясында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды (фото)

Қырғызстан президенті өз резиденциясында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды (фото)

“Ынтымақ Ордо” резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өткен.

Президент ресми делегация мүшелерімен танысуда
Президент ресми делегация мүшелерімен танысуда. Фото: Ақорда

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барған.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды.

Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары “Ата бейіт” ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды.

Сондай-ақ президент қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына құран бағыштады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз