Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды

Бурабай ауданында 2 туристік автобус лайға батып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобустар Астанадан шыққан.

Жаңбырдан кейін дала жолы лайға айналып, көліктер жүріп өте алмай қалған. Автобустарда барлығы 99 жолаушы болған.

Хабар түсе салысымен құтқарушылар оқиға орнына аттанып, арнайы техникамен автобустарды жолдың таза бөлігіне сүйреп шығарды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Туристер жолын әрі қарай жалғастырды.