“Ертіс орманы” резерватындағы фототұзаққа орманның ең жасырын “тұрғындарының бірі” – борсық түсіп қалған. Бұл туралы табиғи резерваттың желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орман әкімшілігінің хабарлауынша, борсық – орманның нағыз санитары. Ол жәндіктермен, ұсақ кеміргіштермен және өлексемен қоректеніп, экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлес қосады. ⠀ “Әдетте борсықтар түнде ғана қозғалып, күндіз індерінде болады. Сол себепті оларды көзбен көру – өте сирек кездесетін жағдай”, — дейді “Ертіс орманы” резерватының қызметкерлері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ертіс Орманы Табиғи Резерваты (@ertisormany_2003)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
