Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ұлттық банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарды

27 тамыздан бастап Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық күміс монеталардың сатылымы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы “Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар” сериясынан “ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ” коллекциялық монеталары сатыла бастайды.

“Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана”, — делінген банк таратқан хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.