Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

Қазақстан сырасы шетелді жаулап жатыр: экспорт 10 жылдағы рекордты жаңартты

Қазақстан сырасы шетелді жаулап жатыр: экспорт 10 жылдағы рекордты жаңартты

2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстаннан 12,6 млн литр сыра сыртқа жөнелтілді. Бұл – өткен жылға қарағанда 30%-ға көп және соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экспорттың басым бөлігі Ресейге бағытталған: көрші елге 7,5 млн литр жеткізілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Қазақстандық сыраның бағасы да бәсекеге қабілетті – бір литрі шамамен $0,7, яғни ТМД-дан тыс елдерден әкелінетін импорттық сырадан екі есе арзан.

Сонымен қатар, Қазақстан сырасы Беларусь пен Қырғызстанға да жол тартқан. Сарапшылар мұны отандық өндірушілердің жаңа серпіні деп бағалап отыр.