Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қалыптан тыс аптап ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады

28 тамызда Қазақстанда аптап ыстық болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады. Синоптиктер өңірлердің басым бөлігінде дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

“Қазгидромет” РМК деректері бойынша 28 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары болады деп болжанып отыр:

  • елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында 41°C-қа дейін қалыптан тыс аптап ыстық болады;
  • төтенше өрт қаупі оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарда сақталады;
  • солтүстік, батыс және шығыстың бірқатар өңірінде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады және тұман түседі.

“ТЖМ ашық оттан аулақ болуды, найзағай мен қатты жел кезінде жабық жерлерді паналауды, жолдарда мұқият болуды және ТЖ кезінде 112-ге қоңырау шалуды ұсынады”, — делінген министрлік хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз