Самокаттарға қатысты салақтыққа нүкте қойылмақ. Оны жалға беретін компаниялар ішкі істер министрлігіне берген уәдесін орындамапты. Енді кикшеринг қызметін ұсынушылар жол үстінде ретсіз қалдырылған самокат үшін тікелей жауап беретін болады, деп хабарлайды “КТК” арнасы.
“Кикшеринг қызметін көрсететін компаниялардың басшылары бізге уәде берген — самокаттар жаяу жүргіншілер аймағында қолданылған кезде сағатына алты шақырым жылдамдықтан аспайды деп. Алайда бүгінге дейін бұл талап орындалмай отыр. Самокатты кез келген жерге тастап кетеді. Бұл кедергі болып тұр. Самокаттың қауіпсіз жүргізілуін толық қамтамасыз еттік деп айтуға әлі ерте. Бірақ біз тәртіп орнатамыз, оған сөз беремін”, — дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Самокат қызметін ұсынушылар жаяу жүргіншілер аймағында жылдамдықты сағатына алты шақырымнан асырмау үшін арнайы техникалық шектеу енгізуге тиіс еді. Алайда бұл талап әлі орындалмай келеді дейді Сұлтанбаев.
Бүгіннің өзінде-ақ прокат компанияларына жылдамдықты шектеуге қатысты нақты нұсқама берілуі керек. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы енді көшеде бейберекет жатқан самокаттар да ретке келеді деп уәде берді.
Дереккөз: “КТК” арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
