Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматылықтарды Есентай өзенінің түсі алаңдатып қойды

Алматылықтар әлеуметтік желілерде Есентай өзенінің түсі өзгерген видеоларын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғыны өз парақшасында өзеннің суретін жариялады.

“Қазір Алматыдағы Есентай өзеніндегі су осындай” деп жазды ол.

Zakon.kz жолдаған сауалға Экология департаментінде өзеннен (Весновка) су сынамасы алынғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Есентай өзенінің жағалауы көркейтілетінін хабарлаған едік.