Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

Қазақстандық теннисші US Open-2025 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық теннисші US Open-2025 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан US Open-2025 ірі турнирінің үшінші кезеңіне шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Федерацияның мәлімдеуінше, екінші матчта ол аустралиялық Тристан Скулкейтті жеңді.

Ойын 6:3, 6:3, 6:3 есеппен аяқталды. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді және 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.